Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркияда қираған 12 қабатты үйдің сәулетшісі қашып баражатқан жерден ұсталды

Түркияда қираған 12 қабатты үйдің сәулетшісі қашып баражатқан жерден ұсталды
ашық дереккөз
Түркияда зілзала кезінде тұтастай қираған үйдің сәулетшісі әуежайда қашпақ болып тұрған жерден ұсталды. Полиция оның құжаттарын рәсімдеген сәтте хабар алып, ұшаққа отырғалы тұрған жерден алып қалды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Мехмет Чошкун Хатай провинциясындағы  сәулетшісі болып жұмыс істеген. Ол Черногория бағытына бет алған ұшаққа отырмақ болған. Түрік полициясы таратқан  ресми ақпаратта былай делінген:
"Мехмет Яшар Чошкун Хатайдағы 250 пәтерлі тұрғын үйді миллион лираға сызды. Ол Стамбұлдың жаңа әуежайында қашып кетпек болған жерінен қолға түсті",— делінген ақпаратта.
Ол салған тұрғын үйі жер сілкінісі кезінде түгі  қалмай қирап қалды. 2012 жылы тұрғызылған ғимарат 12 қабатты еді.
Айта кетейік, Түркияның Әділет министрі Бекир Боздаг бұған дейін елдегі ғимараттардың қирауына байланысты жауапты адамдар міндетті түрде жазаға тартылатынын мәлімдеген еді.
 
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар