Басты жаңалықтар
Түркияда 67 сағат үйінді астында жатқан қыздың құтқарылған сәтте айтқаны әлем халқын жылатты (видео)
- автор kyn.kz
- 11 ақпан, 2023
- 732
Жасы 5-6 шамасындағы қыз құтқарушыларға інісі туралы айтқан
Құтқарушылар зілзала болғанына үш күн өткен сәтте үйінді астынан қыз баланы тауып алған. Балақай еш тартынбастан, жыламастан құтқарушылармен сөйлесіп, қасында жатқан інісі жайлы айтады, деп жазды KYN.KZ сайты.
"Ағатайлар, менің қасымда інім бар. Оны да шығарасыздар ғой?. Бірақ ол менімен әзілдесіп, ойнап жатыр. Сөйлесем жауап бермей, өтірік ұйықтап қалғандай түр жасап жатыр",- деген қыз бала.
Құтқарушылар тақылдап тұрған қыздың сөзіне не деп жауап берерлерін білмей абдырап қалған. Тіпті жүзін бүркемелеп, көзінен еріксіз жас шыққандары да бар. Балақай құтқарылған сәттің видеосы.