Басты жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова өз мансап жолын аяқтады

Бұл туралы ол 10-12 ақпан күндері Астанада өткен жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатының жабылу рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі. Маған бұл шешімді қабылдау өте қиын болды. Қимастық та, орны толмас сағыныш та бар. Бәріміз өткен күндерімізді түрлі эмоциямен еске алатынымыз ақиқат. Алайда спорт маған сол мұңаю, өкіну сияқті эмоцияларымды ауыздықтауды үйретті. Мен үшін үлкен қорған әрі тіреу болатын бір ғана сезім, ол – алғыс. Мен өз әке-шешеме мені үлкен спорт алаңына жіберу үшін жауапкершілікті мойындарына алып, батыл шешім қабылдағаны үшін алғыс айтамын. Отбасыма түсіністік пен қолдау білдіргені үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ жаттықтырушыма, әріптестеріме, жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін», - дейді Ольга Рыпакова. Ольга Рыпакова – Лондон-2021 Олимпиада чемпионы, Бейжің – 2008 Олимпиада ойындарының күміс және Рио – 2016 ойындарының қола жүлдегері. 2015 және 2017 жылдары екі рет әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды. 2011 жылғы әлем чемпионатында күміске қол жеткізді. Әлем чемпионатында оның үш медалі бар: қола – Валенсия – 2008, алтын – Доха – 2010, және күміс – Стамбұл – 2012. Рыпакова төрт рет Азия ойындарының чемпионы атанды (2006, 2010, 2014, 2018), 2017 жылы Турнирде жекпе-жек өнері мен жабық жарыстардан Азия ойындарында екі рет алтын алды. 2007 жылы Универсиадада жеңімпаз атанды.