Ер адам мас күйінде полиция қызметкерін көлігімен 200 метрге сүйреп кетті (видео)
11 ақпан күні шамамен сағат 00.35-терде Бейбітшілік даңғылының бойында Теміртау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызметтік көліктің арнайы дауыс шығарғыш құралы арқылы 31 жастағы ер адамның жеңіл автокөлігін тоқтатуын талап еткен, деп хабарлайды KYN.KZ. Полиция қызметкерлері жүргізушіден көлік құжаттарын сұраған. Құжаттардың жоқтығын айтқан жүргізушіден тәртіп сақшылары ішімдік иісін сезіп, көліктен түсуін талап еткен. Дәл сол уақытта жүргізуші көліктің есігін жаппай, оқиға орнынан қашпақ болған. Полиция қызметкері көлік салонына секіріп мініп үлгергенімен, бір аяғы сыртта қалып қойған. Тәртіп сақшысының жағдайына қарамай, жүргізуші 200 метр сүйреп, жол жиегіне шығып кетіп, бір-ақ тоқтайды. Жүргізуші наркология орталығына жеткізіледі, оның орта дәрежеде ішімдік ішкені белгілі болды. https://youtu.be/ZeUjaApN5Cs