Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутаттар каникулға кетті

Депутаттар каникулға кетті
ашық дереккөз
Парламент үшінші сессияда атқарылған жұмыстарды қорытындылады
Алтыншы сайланған ҚР Парламенті үшінші сессияны жабып, депутаттар парламенттік каникулға кетті, деп KYN.KZ  Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. "Алтыншы сайланған парламенттің үшінші сессиясы өте маңызды және тарихи кезеңде өтті деуге болады. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төраға болды, біздің елімізде бүкіл әлемнің назарын аударған ЭКСПО халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге, елордамызда Сирия жағдайы бойынша Астана процесі өтіп, Қазақстанымыз әлемдік деңгейдегі келіссөздер алаңына айналды. Үшінші сессия кезінде елімізде тағы бір тарихи оқиға болды. Президентіміз осы парламентте өзінің бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Депутаттар осы бастамаларды заң жағынан қолдауға әрине белсене араласты",  — деді бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. Үшінші сессияда қос палатаның төрт бірлескен отырысы, мәжілістің  38 және сенаттың 25 жалпы отырысы өткен. Нығматулиннің атап өтуінше, онда 400-ге жуық маңызды мәселелер қаралды.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар