Еліміздегі 7-9 балдық жер сілкінісінің болжамды аймақтары айтылды (видео)
Сейсмолог еліміздегі сейсмикалық қауіпті аймақтарға жататын облыстарды атады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі. Маманның мәліметіне сүйенсек, 7-9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін болған аймақтар – ШҚО, Абай, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстары. Ғылыми зерттеу нәтижесінде аталған өңірлерде апаттың болу ықтималдылығы жоғары. «Бұл аймақтарда еліміздің 40%, яғни 8 млн шамасындағы халқы қоныстанған, мемлекеттің 40%-дық өндірістік потенциалы шоғырланған. Бұл аймақтарда өндірістік қалалар орын тепкен. Олар – Өскемен қаласы, екі мегаполис – Алматы және Шымкент қалалары», - дейді сейсмолог. https://youtu.be/rXCnqkiK7q8