Атырауда жұмысшылар ереуілге шығып, жалақыларын көтеруді талап етті (видео)
Атырау облысында «Сенімді Құрылыс» ЖШС мердігерлік компаниясының жүздеген жұмысшылары ереуілге шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі. Олар жалақыларын 20% көтеруді, вахталық жұмыс кестесін 28/28 режимінен 14/14-ке ауыстыруды талап етті. Сонымен қатар жұмысшылар «Теңізшевройл» компаниясы мердігерлер ұйымының жұмысшыларына 500 мың теңгеден төлеуге тиіс деп мәлімдейді. Аталған жағдайға қатысты мәліметтер бойынша, ереуіл кезінде жергілікті әкімдік қызметкерлері де келген. https://youtube.com/shorts/2XF3Ax6lrMU?feature=share