Басты жаңалықтар

Маңғыстауда Қытай компаниясының жұмысшылары әкімнен көмек сұрап, бейнеүндеу жолдады (видео)

Солтүстік Бозашы кен орнында «Синопэк» ЖШС жұмысшылары облыс әкіміне бейнеүндеу жолдап көмек сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі. Жұмысшылардың айтуынша, компания басшылығы біраз жүргізушіні жұмыстан шығарып, қалғандарына қысым көрсеткен. Аталған мәселені «Синопэк» ЖШС жұмысшыларының пайдасына шешу туралы өтінішпен Маңғыстау облысының әкіміне, өңір прокурорына, сондай-ақ еңбек инспекциясына жүгінді. Айта кетейік, «Синопэк» - Қытайдың интеграцияланған энергетикалық және химиялық компаниясы. Өндіру мөлшері бойынша елдің екінші мұнай-газ компаниясы.   https://youtu.be/m2Vy7-KKBtQ