Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Келіншегімнің аяғы ауыр»: Тараздық жігіт алған әйелінің атышулы жезөкше болып шыққанын айтып, жұрттан кеңес сұрады

«Келіншегімнің аяғы ауыр»: Тараздық жігіт алған әйелінің атышулы жезөкше болып шыққанын айтып, жұрттан кеңес сұрады
ашық дереккөз
Жақында ғана үйленген келіншегінің елге белгілі жезөкше екенін білген тараздық жігіт әйелін күнде айқайдың астына алып, тіпті жұдырығын ала жүгірген күндері де болған. Бұл туралы ер азаматпен тілдескен KYN.KZ тілшісі жазады. Редакцияға хабарласқан ол басынан өткен жағдайды ашық түрде айтып берді. Мен өмірде қиындықты көп көрдім. Тағдырдың сынағына әлі төзіп келемін. Студент кезімде сабаққа бармай, күн көру үшін сауда жасадым. Туыс ағаларыммен бірге Мәскеуге дейін барып, ол жақтан тауар алып, оны Қазақстанда саттым. Әкем қайтыс болды, шешем мүгедек. Жан бағу үшін ерте есейіп, барлық қиындықтарға мойымай, өзімді қамшылап өмір сүріп келемін. Қатарластарым менің басымнан өткен қиындықтарға шыдамайтын еді. Енді ғана өмірім дұрысталып, аяққа тұрып, жігіттік жасқа келіп отбасылық өмір бастар шағымда тағдыр мені тағы да қатты сынға алды. Алған жарым бүкіл қалаға белгілі жезөкше болып шықты. Таразда туғаныммен, онда көп тұрған жоқпын. Күн көрістің қамымен сауда жасап, әр қалада тентіреп жүрдім. Туыс ағаларыммен бірге Атырауда картоп, Алматыда киім, Өскеменде ыдыс-аяқ саттым. Қарағандыда да, Көкшетауда да, Семейде де сауда жасадым. Қазақстанда мен болмаған қала жоқ. Бәрін араладым десем де болады. Ал Теміртауда достарым бола қойған жоқ. Сыныптастарыммен ара-тұра араласқаным болмаса, етене жақын дос болмадым. 11 сыныпта мұғалімдердің жаны ашып, әйтеуір қолыма аттестатты берді. Одан кейін Астанаға барып, құрылыста жұмыс жасадым. Камаз жүргізуді үйреніп, жақсы табыс таптым. Су жаңа көлік алдым. Анама ақша салып тұрдым. Жағдайым жақсарған соң жеке камаз сатып алдым. Бір күні үйге келгенде анам: «Балам, мен тірі кезде үйлен, ең болмаса келінімді көріп, Алла бұйыртса, немеремнің маңдайынан иіскеп кетейін» деді. Анамның көңілін қалдырғым келмеді. Бірақ жүретін қызым жоқ, қу тіршіліктің қамымен, қыздарға да қарамаппын. Өмірімде бір қызбен ашылып сөйлесіп те көрмеппін. Осыдан кейін сыныптас достарыма барып, қыздармен танысуды ұйғардым. Ана қызбен таныстым, мына қызбен таныстым, біреуінің көзі ұнамайды, біреуінің сөзі ұнамайды, енді біреуінің өзі ұнамайды. Осылай таңдап жүріп, ақыры тазға жолықтым. Өмірімде ішімдік ішіп көрмеген мен бір күні достарыммен кафеде отырып, қыздармен ашық-жарқын сөйлесу үшін кішкене арақтан ұрттадым. Көңілім көтеріліп, даусым жарқын шыға бастады. Шешесі татар Алина есімді қызбен әңгімем жарасып кетті. Сол күні қан қызумен, мастықпен Алинаға «мен сені аламын» дегенімді өзім де білмей қалдым. Ол да «ала алмайсың» деп, мені одан әрі қамшылап жіберді. Екеуміз бәстесіп, сол күні түнде оны достарыммен бірге үйге алып келдім. Анама «үйге келін әкелдім» деп едім, шешем байғұс қуаныштан жарыла жаздап, көршілердің үйіне жүгіре кетті. Сонымен Алинаға орамал тағып, үйіне хабаршы жібердік. Алинаның ата-анасы да келісімін берді. Сонан соң дүркіретіп той жасадық. Келесі күні кешке достарға дастархан жайдық. Алина елпілдеп күліп жүріп шай құйды. Достар: «Жастарды оңаша қалдырайық, ертерек қайтайық» деп тарасып кетті. Алғашқы түніміз мен үшін қасіретке айналды. Алған жарым қыз болмай шықты. Айтайын десем айта алмай, іштен булығып, теріс қарап ұйықтап қалдым. Ертесіне «мен не бүлдірдім» деп өзімді іштей жеп отырмын. Таң атпай достарым келіп «алғашқы түн қалай өтті» деп сұрағанда, қаным басыма шауып, бетіме отым шықты. Бір бозарып, бір қызардым. Не айтарымды білмей, сасып салдым. Үйдегілерге де, достарыма да шындықты айтпадым. Ертеңіне түнде әйеліме қатты ұрыстым. Ол жылап, алданып қалғанын мойындады. Оның мұны түстен кейін, болары болып, бояуы сіңгеннен соң мойындағанына қатты қапаландым. Бірақ іштегі ашуымды сыртқа шығарған жоқпын. Анама да, достарға да, ешкімге тіс жармадым. Басыма түскен тағдырым осы шығар деп бәріне көндім. Оны жарым ретінде қабылдадым. Ешкімнің көзіне түспейін, қыз емес, қатын алғанымды ешкім бетіме баспасын деп, жарымды Астанаға алып кеттім. Екеуміз бес-алты ай бірге тұрдық. Бірақ оның сәл кемшілігіне бола ашулана беретін болдым. Менің алдымда басқа жігітпен қосылғаны есіме түсіп, айғай саламын. Тіпті қол да жұмсадым. Егер ол қыз болып тигенде оның бар кемшілігін көтерер едім. Бірақ мені алдағаны қатты жаныма батты. Кешіре алмадым. Сәл ашулансам болды, оның қыз болмай тигені есіме түсіп, өзімді қоярға жер таппаймын. Ақыры ол да менің мінезіме шыдай алмай үйіне кетіп қалды. Мен өзімнің қылығымның дұрыс емес екендігін түсініп, оның үйіне барып кешірім сұрауды ұйғардым. Таразға келіп, досыма «әйелімді үйге алып келейік» десем, ол: «қойшы, қайтесің соны», - деді. Ол туралы барлық шындықты айтып берді. Сөйтсем ол бүкіл қалаға аты шулы жезөкше екен. Оның «қызығын», тіпті көршілер де, көрші аудандағы қатарластарым да көрген екен. Осының бәрін досымнан естіген кезде өмірден түңіліп кеттім. Таныстарым «ол қызды алатындай Сәкенге не көрінді» деген екен. Ел-жұртқа күлкі болып, ұятқа қалдым. Досым: «Жігіттің басынан не өтпейді, сабырға түс, ақылға кел. Есің болса, ажырасып, басқа қыз ал» деді. Енді не істесем болады? Қай жолды таңдаймын? Оның аяғы ауыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар