Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Алматы-Петропавл" пойызында 36 жастағы ер адам қызды зорлау үстінде ұсталды

"Алматы-Петропавл" пойызында 36 жастағы ер адам қызды зорлау үстінде ұсталды
ашық дереккөз
Көмек сұрап жылаған қыздың дауысын жолаушылар есітіп, бірден көмекке жүгірген
"Алматы-Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызында ер адам жас қызды зорламақ болды. Оны Ұлттық ұлан қызметкері тоқтатты, деп хабарлайды KYN.KZ ұлттық ұланның ресми сайтына сілтеме жасап.
10 ақпанда кешкі сағат 18.00 шамасында "Алматы-Петропавл" пойызында болған майор Еркін Жантурин купеден көмекке шақырған қыздың даусын естіген. Ал купеге жақындағанда біреу ішінен жауып алмақ болған. Бірақ ұландық есікті бар күшімен жұлқылап ашқан. Купенің бұрышында үрейленген қыз отырған. Жанында тұрған ер адам оны зорлауға тырысқан. Офицер оны ұстап алған.
"Мен мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқанмын. Сол кезде жас қыздың көмек сұрап, айқайлаған даусын естідім. Купеге кірген кезде ер кісінің қызды қорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым", - дейді майор Жантурин.
Қыздың өзі ұсталған ер адамды танымайды. Онымен бір купеде болған. Ұландық күдіктіні "Сарышаған" станциясында полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар