Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Министр Сүлейменовтің немересі қайтыс болған жол апатына қатысты пікір білдірді

Министр Сүлейменовтің немересі қайтыс болған жол апатына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөз
Ішкі істер министрі оқиғаға шенді адамның қысым келтіргенін жоққа шығарды.
Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов Астанада 22 маусым күні болған жантүршігерлік жол апаты жөнінде мәлімдеме жасады деп NUR.KZ порталына сілтеме жасаған KYN.KZ хабарлайды. «Hyundai IX Tucson» автокөлігі қағып кеткен мотоциклді әйгілі ақын Олжас Сүлейменовтың немересі Ескендір айдап бара жатқан. Ол жол апатында алған ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Күні кеше болып өткен баспасөз мәслихатында жол апатына қатысы бар көліктің жүргізушісінің кім екені белгілі болды. Ол Қызылорда облысының ІІД-ның қызы болып шықты. Ішкі істер министрі оқиғаға қатысты басталған тергеу жұмыстарына Қызылорда облысының ІІД-ның басшысы Қайрат Мұхитов қысым келтірмегенін айтты. "Бірінішден жүргізуші кішкентай бала емес. 29 жастағы бойжеткен осында тұрады, жұмыс істейді" , - деп айтты Қасымов. Ішкі істер министрі оқиғаға шенді адамның қысым келтіргенін жоққа шығарды. "Департамент басшысы қалайша іске араласуы мүмкін? Біріншіден, жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалды, куәгерлердің қажеті де жоқ. Ол кінәлі, солға бұрылып жатып өткізбей қойды. Ол жасылға өтіп өткізбей қойды. Нәтижесінде мотоцикл қатты соғылып жантүршігерлік апат орын алды. Судья бойжеткеннің бұрын-соңды сотталмағаны, сау күйде болғаны және кінәні толықтай мойындағанын ескере оны кепілдік негізінде жіберуді таңдады." , - деп айтты ол. Қалмұхамет Қасымов оқиғаға қатысты іс қозғалғанын жеткізді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар