Басты жаңалықтар
Рэпер-педагог: «Орыс сыныбының балаларына қарағанда қазақ сыныбының балалары ынжық, көнбіс келеді» (видео)
- автор kyn.kz
- 14 ақпан, 2023
- 404
Рэпер Еңлік Құрарбек қазақ сыныбында оқитын балалардың сабақ үстінде мұғалімдерден қорқып отыратынын айтып, оларды «жасқаншақ» деп атады, деп жазды KYN.KZ.
Оның айтуынша, орыс сыныбында оқитын балалар ойындағысын емін-еркін айта алады. Ал қазақ балаларының кім не айтса, соны орындап отыра беретінін айтып ашынды ол.
«Қазақ сыныбындағы балалар мұғалімдерден қорқады. Орыс сыныбындағы балалар ашық. Оларға сабақ ұнамаса «маған ұнамайды, ішім пысты, мені бұны жазбаймын. Мен не үшін бұны оқуым керек» деп айта алады. Ал қазақ сыныбындағы балалар оқығысы келмесе де, олай атпайды. Олардың қорқып отыратыны түрлерінен көрініп тұрады. Оларда жасқаншақтық бар», - дейді Еңлік есімді оқушы қыз.
«Қазақтың бұл менталитеті мықты және имандылығы. Ешқандай да жасқаншақтық емес. Бұл сыйластық, әдептен озбауы және әдептілігі қазақ балаларының», «Қателесіп,отырған жоқпа мына қыз», «Мен мақтанам қазақ сыныбында оқып, қазақ мұғалімдерінен өмірлік ұмытпайтын тәлім тәрбие алып кеттім. Аллаға шүкір. Ұлтшылдық емес. Бірақ қазақ болғанына қуану керек», «Орыс балалары шошқа етін жеген соң ашуланшақ, сабырсыз, ойына не келеді, соны айтады, ашушаң шошка сияқты», «Ондай мәдениетсіздік пен есерсоқтық тек сол орыс сыныбының оқушыларына тән қасиет», - дейді көпшілік.
Айта кетейік, Еңлік Құрарбек бұған дейін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болған. Кейіннен қазақ мұғалімдерінің қазіргі күйін жырға қосып, рэп жанрында ән айтып, ауыл мұғалімінен танымал әншіге айналды.
https://youtu.be/Zus2mzyoznk