Мамандар Түркия мен Сирияда үйіндінің астында қалған тағы 80 мыңға жуық адам бар екенін болжады
Сыртқы істер министрлігі Түркияда қираған үйлердің астынан тағы бір қазақстандықтың денесі табылғанын хабарлады. Ондағы іздеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Түркияның Республикасының оңтүстік-шығыс аймағындағы Қаһраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында белгісіз әйелдің денесі табылды. Мәйіттің Қазақстан азаматшасы Жанар Жақсыбекова екені белгілі болды. «Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Қаһраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді. Қаһраманмараш қаласы зілзаладан қатты зардап шеккен», - деп мәлімдеді ҚР Cыртқы істер министрлігі. Екі елде болып жатқан зілзаладан мерт болғандар 33 мыңға таяды. Сондай-ақ ауыр жарақат алған тұрғындар саны 80 мыңнан аса жығылады. Түркия мен Сирияда жалпы 5,3 миллионға жуық үйсіз-күйсіз қалып, 900 мыңдай адам тамаққа зәру. Мамандар үйіндінің астында тағы 80-ға жуық адам болуы мүмкіндігін айтты.