Басты жаңалықтар

Астанада екі бүлдіршін суға тисе ісінетін ойыншықты жұтып қойып, өлім аузынан қалды

Елордада екі бала ойнап отырып өлім аузынан қалды. Суға салса, пішіні өзгеріп, өсіп шыға келетін ойыншықтық бөлшегін жұтып қойған, деп хабарлайды KYN.KZ. Дәрігерлер бүлдіршіндердің ішінен ойыншық бөлшегін алып шықты. Олардың айтуынша, бұл бөлшек бірнеше күн бұрын жұтылған. Біреуі небәрі 11 ай, екіншісі  1 жас 4 айлық балаларға ота жасалды. Ұл баланың жағдайы ауыр болған. Балалар жұтқан бұл түрлі түсті гидрогельді шарлар өте қауіпті екенін айтады мамандар. Жұтуға жеңіл әрі суда 100 есе өсіп, ішекке түскен шар бір аптада ажал құштыруы әбден мүмкін.  width= «Ішек инфекциясы бойынша тексеріп, рентген арқылы шарларды жұтып қойғанын анықтадық. Жіңішке ішектің ішінде өсе бастағандықтан, құсу тоқтамады. Операция әжептеуір қиындық туғызды. 11 айлық баланың 1 жас 4 айға толған көршісі де ойнап жүріп, осы затты жұтып қойған», - дейді №2 Көпбейінді қалалық аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Серік Баймульдин. Баланың анасы берген мәлімет бойынша, балалар жұтылған затты маржан деп ойнаған. «Үйдегі кішкентай 9 жастағы сіңілім ойнаған соны алып. Ол шашылғаннан кейін балалар маржан деп жұтып қойған. Осында келгеннен кейін гидрогельевый шар екенін түсіндік. Қазір баланың жағдайы жақсы, шүкір. Қазіргі балалардың барлығында сол ойыншық бар. Сондықтан сатылымнан алып тастаса да жақсы болатын еді негізі», - деді Дариға Дәулетбай.