Басты жаңалықтар

Орал қаласында бірнеше күн бұрын із-түссіз жоғалған оқушы қыз әлі де табылмады

Оралда бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқан оқушы қыз әлі де табылмады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 2008 жылғы Зарина Нығметованың 10 ақпан күні сағат 22.00 шамасында Тополинская 1-мекенжайында орналасқан үйінен белгісіз бағытта шығып кеткенін мәлімдеді БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі. «Қаладағы №34 орта мектепте оқитын қыз содан оралмаған. Бойы 162-165 см, арықша келген, қара шашы иығына түскен. Қоңыр-сарғыш түсті күрте, көк шалбар, қара етік киген. Ерекше белгілері жоқ. Қолында Самсунг телефоны (абоненттік нөмірі 8-747-445-32-17), қара күртесі мен джинсы шалбары салынған пакеті болған. Жасөспірімді көрген-білген жандар болса, Орал қаласы полиция басқармасына әкелуі немесе 8-711-2-92-18-41, 92-18-42, 8-778-105-21-25, 102 телефонына хабарласулары сұралады», - делінген ведомство хабарламасында.