Басты жаңалықтар
Марқұм Мирус Құрмашев: «Билік пен халық бір-бірін түсінісе алмаған әке мен бала сияқты» (видео)
- автор kyn.kz
- 14 ақпан, 2023
- 551
Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті марқұм Мирус Құрмашевтың әлеуметтік желіде билік пен халық туралы айтқан пікірі тарады, деп жазды KYN.KZ.
Ол сөздің басын өзінің 1 жасар ұлынан бастап, баласымен түсінісе алмайтынын айтады. Ұлымен арасындағы қарым-қатынасты мысал ретінде айта келе, билік пен халықтың да жағдайын «бірін бірі түсіне алмаған әке мен бала тәрізді» деген ой айтқан.
«Біз де халықтың ойын сұрамаймыз. Бізде олармен байланыс жасайтын инструмент жоқ. Мысалы, балам өскен соң мені тыңдамайтын болады. Маған қарсы шығады. Себебі менің не істеп жатқанымды білмей тұр ғой. Мен онымен араласпаймын ғой. Анасы «ана баламен сөйлесші» десем, «ақша керек еді, анау керек еді, мынау керек еді» дейді. Халық та сол секілді», - деген еді марқұм Құрмашев.
Еске сала кетейік, Мирус Құрмашев Түркияда болған жойқын жер сілкінісінде қираған үйлер астында қалып қайтыс болды.
https://youtu.be/M8VapZV1V3Q