Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда туғанына үш күн болған сәбиді сатпақ болған жерде ұсталған әкенің сөзі жұртты жылатты

Алматыда туғанына үш күн болған сәбиді сатпақ болған жерде ұсталған әкенің сөзі жұртты жылатты
ашық дереккөз
Әйел перзентханадан шыға салысымен күйеуі екеуі баланы клиентке ұстатып 2 млн ақша алмақшы болған
Алматыда ерлі-зайыптылар туған баласын сатпақ болған. Олар үш күн бұрын дүниеге келген сәбиді 2 миллион теңгеге бағалапты. Заңсыз сауданың жолын полиция дер кезінде кесті, деп жазды KYN.KZ  тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасай отырып. "Өзімде екі бала бар. Үшінші баламды бұл кісілер бала көтермегендіктен, құрсақ көтермегендіктен беруге тура келді",-дейді өмірге келгеніне үш күн болған сәбидің әкесі.  width= Полицияның мәліметінше, аталған отбасы бұл қылмысты бала құрсақта жатқанда жоспарлап, болашақ ата-анасын таныстары арқылы іздеген. Тірі тауарды алатын адамдар да табыла кетіпті. Перзетханадан шыға салысымен 25 жастағы әйел мен оның күйеуі бірден мәміле жасауға барған. Алайда бауыр еті баласын саудаға салған ерлі-зайыптылар ақша алып жатқан сәтінде қолға түсті. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы әлі тағайындалған жоқ. Ал уызға да тойып үлгермеген нәресте балалар үйіне жіберілді. "ҚР ҚК 135-бабы, 2-тармағына сәйкес іс қозғалды. Бас бостандығынан айыру мөлшері 12 жылға дейін. Күдікті ерлі-зайыптылардың мына баланың алдында тағы да екі кішкентай баласы бар. Ұл бала қазіргі таңда балалар үйінде",- дейді Алматы қаласы ПД баспасөз хатшысы Еркін Өтегенов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар