Қызылордалық келіншек күйеубаласына бала туып бергені туралы шындықты жайып салды
Қызылордалық Айғаным есімді әйел күйеубаласынан жүкті болғанын мәлімдеді. Айтуына қарағанда ол 10 жылға жуық уақыт балалы бола алмай жүрген сіңлісіне бала туып беріп, ана атануына себепкер болған, деп жазды KYN.KZ. Есімім – Айғаным. Жасым 33-те. Күйеубаламнан жүкті болып, ұл босандым. Дәлірек айтсам, басқа амалым қалмады. Күйеу бала мен сіңлім 2015 жылы отбасын құрды. Міне, содан бері бала сүйе алмады. Бірін-бірі қимайды. Сіңлім күйеуінің бар жағдайын жасайды. Тәтті тағам, үтіктелген киім, тап-таза үй. Бірақ бала жоқ. Содан көп уақыт өтті. Мен сіңлімді аядым. Өзім тұрмыс құрғанмын. Күйеуім есірткімен ұсталып, қамауда жатыр. 7 жасар қызым бар. Олар жасанды ұрықтану жолдарына да жүгінді. Сіңлімнің денсаулығы дұрыс болмай, бала түсіп қала берді. Мен сіңліме бала туып беруді ойлап, күйеу бала екеуміз келісімге келдік. Себебі көз алдымызда солған гүлдей сіңлімді аядым, оның өмір сүргенін қаладым. Жүкті кезімде Алматыда пәтер жалдап тұрдым. Бар мәселені күйеу бала мен сіңлім өз мойындарына алды. Босанғаныма 4 ай болды. Ұл бала. Туылғанда салмағы 3,900 гр. Мен бұл жасаған қадамыма өкінбеймін. Ең бастысы, сіңлім мен күйеу балам бақытты. Отбасында іңгәләған сәбидің үні естілді. Мен соған қуанамын. Сыртымнан өсек айтқандар да болды. Сіңлімнің бақыты үшін бәріне төздім, төзе бермекпін. Біреумізге бір тырнақты қимаған Алла, енді біреумізге асырай алмай жатсақ, үйіп-төгіп береді емес пе?