Басты жаңалықтар

Адвокаттар шағымынан кейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Танымал спортшының ұлы Алматыда адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновқа кешкі уақытта шабуыл жасап, соққыға жығып кеткен еді

Қазақ халқына сыйлы  меценат Дәулет  Тұрлыхановтың ұлы ұрып- соқты деген адвокаттардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты тілшісі Алматы полиция департаментіне сілтеме жасай отырып. "Алматы қалалық ПД аталған дерек ҚР ҚК-нің  293-бабы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды", – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті. Сонымен қатар күдіктінің әскери адам екені, сол себепті іс материалдарының соттылығын анықтау үшін қалалық прокуратураға жіберілгені айтылады. Бұған дейін Алматыда адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновқа кешкі уақытта шабуыл жасап, соққыға жығып кеткені хабарланған. Анна Димитриевичтің айтуынша, олар белгісіз ер адамның қыз балаға қол көтеріп жатқанын көріп, көмекке ұмтылған. Сол уақытта шабуылдаушы өздеріне қарсы күш қолданған.