Басты жаңалықтар
Павлодарлық ер адам жанжалдасып тұрған ерлі-зайыптылардың арасына түсіп, күйеуін өлтіріп алды (видео)
- автор kyn.kz
- 15 ақпан, 2023
- 262
Павлодар тұрғыны көпқабатты үй ауласында жанжалдасып тұрған ерлі-зайыптылардың арасына түсем деп, байқаусызда күйеуін өлтіріп алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ҚР ҚК 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» факті бойынша Павлодар қаласының №2 соты аталған істі қарады.
Сотталушы кінәсін мойындап, темір торға тоғытпауын сұрады. Алайды қалалық сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын жайттарды ескеріп, ең төменгі қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесінде 2 жыл жазасын өтейтін болды.
Сотталушының анасы, екі баласы бар. Ал жәбірленуші тараптың қойған талаптары 4,4 млн теңгемен қанағаттандырылды.
https://youtu.be/WJ4OEoE0SgU