Павлодарлық ер адам жанжалдасып тұрған ерлі-зайыптылардың арасына түсіп, күйеуін өлтіріп алды (видео)
Павлодар тұрғыны көпқабатты үй ауласында жанжалдасып тұрған ерлі-зайыптылардың арасына түсем деп, байқаусызда күйеуін өлтіріп алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. ҚР ҚК 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» факті бойынша Павлодар қаласының №2 соты аталған істі қарады. Сотталушы кінәсін мойындап, темір торға тоғытпауын сұрады. Алайды қалалық сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын жайттарды ескеріп, ең төменгі қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесінде 2 жыл жазасын өтейтін болды. Сотталушының анасы, екі баласы бар. Ал жәбірленуші тараптың қойған талаптары 4,4 млн теңгемен қанағаттандырылды. https://youtu.be/WJ4OEoE0SgU