Басты жаңалықтар

Түркияда зілзаладан ойрандалған қалалардың бірін толығымен бұзып тастайтын болды

Түркия Республикасы Газиантеп провинциясында орналасқан Нурдағы қаласы ең қатты қираған қала болғандықтан, толықтай бұзып тастауға шешім қабылданғанын губернатор міндетін атқарушы Осман Бильгин мәлімдеді, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Бүгінгі таңда үйінді астында адамдардың болуы ықтимал деген үйлерде іздестіру жұмыстары жүргізілу үстінде. «Мұндағы үйіндінің бәрін жинаймыз, қаланы толығымен бұзамыз, 100 пайызға бұзылып тазаланады. Бір ғана қираған үйдің астынан 150 адам шықты. Барлығы қайтыс болған. Біз қаланы жаңадан салып шығамыз», - деді губернатор.