Басты жаңалықтар

Арман Атаханова: «Айғақтар жеткілікті болса да, сот баламды өлтіргендердің ісін қарамай отыр» (видео)

Елордада үйдің ауласында велосипед теуіп жүрген 7 жасар Ержігітті жеңіл көлігімен өтіп бара белгісіз біреу қағып қайтыс болған, деп хабарлайды KYN.KZ. Марқұмның анасы Арман Атаханова ұлының мезгілсіз ажал құшуына Мадина Ғинаятқызын кінәлайды. Оның айтуынша, қылмыстық іс 10 күннің ішінде соттың қарауына жіберілуі қажет болған. Алайда айғақтар жеткілікті болса да, іс сотқа жетпей, сотқа дейінгі тергеу, іздестіру жұмыстарына қайтарылғанын жеткізді. «Егер баламның мүддесін қорғай алмасам, әр баламды тоғыз ай бойы көтеріп, оны әлпештеп, аялап бағып, біреудің машинасының астына лақтырып тастап, басқызып отыра беретін болсам, мен не үшін ана болып жүрмін», - дейді қапияда баласынан көз жазып қалған Арман Атаханова. Аталған оқиға өткен жылдың шілде айында болған. Мәліметтерге сүйенсек, 20 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан Hyundai Tucson маркалы автомокөлік жүргізушісі велосипед мінген баланы басып өтіп, 200 метрге дейін барып, бір-ақ тоқтайды. https://youtube.com/shorts/0SWmoOwxZc0?feature=share