Монғолиядағы қазақ қызы National Geographic байқауында үздік деп танылды
Қолына кеседегі шайды ұстаған қыз саяхатшы Александра Мениконзаның назарына ілінген.
Саяхатшының осы сәтті түсірген суреті Travel Photographer of the Year байқауының «адамдар» номинациясы бойынша үздік деп танылды деп хабарлайды KYN.KZ Жұмыс авторы ұзақ жылдар бойы монғолдардың қыран бастау әдісіне таңғалысын жасырған жоқ. 2018 жылдың басында Миниконзи монғол аңшылар отбасымен бірге Алтай жерінде қыстаудан көктеуге қоныс аударған. «Монғолдар өте қонақжай, мейірімді халық. Олар үшін шай – қонақжайлылықтың белгісі. Оны сусын ретінде емес, дәстүрдің, мәдениеттің, аңшылықтың жалғасы деп біледі», – дейді саяхатшы. Ол суреттегі қыздың есімі Дамел екенін айтты. Балақай Батыс Монғолияда аязды күні шай ішіп жылынып тұр. Байқауда фотограф Рейко Такахаши мен бүкір киттің суреті бас жүлде алды.