Басты жаңалықтар

Қазақстандық Түркиядағы қираған қалада мәйіттер сасып, халықтың берекесі қашқанын айтты (видео)

Түркияда зілзаладан күл-талқаны шыққан қалаларда мәйіттердің иісі шығып, жұрттың берекесін қашырып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Әлі де тазаланып бітпей жатқан аумақта үйіндінің астынан шығып жатқан өлі денелердің соңы көрінер емес. Құтқарушылар қатарында жүрген қазақ еріктілерінің бірі өзі жүрген аймақтан бейнежазба жариялап, ондағы жағдайдың мәз емес екенін айтты. Еріктінің айтуынша, денелері жууға келмейтін мәйіттердің терісі үгітіліп түсіп жатқан көрінеді. Мамандар тез арада бәрін жерлеп, қаланы тазаламаса, түрлі инфекциялар тарауы мүмкін екенін ескерткен. «Неге маска киіп алғанымызды сұрап жатыр. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, бұл қалалар қатты иістеніп жатыр. Ғимараттардың, үйлердің астынан адамдардың денелері әлі табылмай жатыр. Екіншіден, 1-2 аптада адамдардың денелерін толық алып шықпаса, инфекциялар тарауы мүмкін деп жатыр», - дейді отандасымыз. https://youtu.be/9y_tj6I0ZoU