Басты жаңалықтар

Компания басшысы өзімен төсектес болуға келіспеген қызметкерді жұмыстан қуды

Еліміздегі транспорттық компаниялардың бірінде IT маманы қызметін атқарып жүрген Темірлан есімді жігітті бастығы төсекке тартқан. Қол астындағы қызметкеріне дегенін орындата алмай, ызаға булыққан басшы оны жұмысынан қуған. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. Темірлан жұмысқа тұрған компания шағын мекеме емес. «Ұлттық транспорттық компания» деген аты бар. 20 жасар жігіттің үлкен компанияға «Бәке-Сәкесіз» жұмысқа орналасқанын естіген туған-туыстары да таң қалыпты. «Компания кеңсесіне түйіндемемді тастап кеткем. Бір қызығы маған бірден хабарласты және жұмысқа кірісе беруімді сұрады. Алғашқы уақытта айлығым бар болғаны 60 мың теңге еді. Соған қарамай жұмысым өзіме ұнайтын. Өйткені мұндай ірі компанияда еңбек ету –мен үшін үлкен жетістік болды. Бөлім директорымен жақсы қарым-қатынаста болдым. Тіпті кей кездері үйіне де барып, интернетін жөндеп кететінмін. Көп ұзамай айлығым 80 мың болды», - дейді Темірлан. Бір күні бас заңгердің туған күні болады. Дастархан жайылады. Осы кештен кейін Темірланның жұмыстағы жағдайы қиындады. «Туған күнді кеңседе өткіздік. Өзім ішпейтіндіктен, үйге ерте кетіп қалуды ойладым. Оның үстіне кейбір әріптестерім тым масайып кетіп, ұятсыз әңгімелер айтуға көшті. Бірақ кетіп бара жатқан жерімнен мені туған күн иесі «темекі шегейік» деп тоқтатып алды. Өзінің шылым шегетінін басқаларға байқатқысы келмеген әйел менен жұмыстың жанындағы автотұраққа қарай баруымызды өтінді. Бардым. Тұраққа жеткеніміз сол еді, әлгі әйел шешіне бастады. Жаздың кезі еді. Үстіндегі киімдерін бір-ақ шешіп тастап, тек іш киіммен қалды. «Жүр көлігімнің артқы жағына отырайық» деді. Мұндайды күтпеген мен ол жерден бірден кетіп қалдым. Ал әлгі әйел тұрақта сол күйі жалаңаш қалды», - дейді Темірлан. Аталған жағдайдан кейін басшысы оған күн көрсетпей қойған. «Жұмыстағы басшыларымыздың бірі әлгі әйелдің жақын құрбысы екен. Сол кісі маған күнде тиісетінді шығарды. Болмашы дүниелерге бола соқтығыса береді. Өзге әріптестерім де маған жабылатын болды. Жұмысымнан кемшілік іздейтінді шығарды. Мұндай қыспаққа шыдамадым. Арыз жаздым да шығып кеттім», - дейді ол.