Басты жаңалықтар

Екібастұздық ерлі-зайыптылар жылу құбыры жарылған соң, пеш қосқаннан тоқ соғып мерт болды

Қаладағы жеке тұрғын үйлердің бірінен 64 жастағы ер адам мен 58 жастағы жұбайы өлі күйде табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Қалалық полиция басқармасына 13 ақпан күні Б.Жырау көшесіндегі үйді жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты су басқаны туралы хабар келіп түскен. Аталған мекенжайға жылдам жеткен полиция қызметкерлері үйден 1959 жылғы ер адам мен 1965 жылғы әйелдің өлі денесін тапты. «Тексеріс кезінде қонақ бөлмесінен еденде сымдары ашық жатқан электр жылытқышы табылды», - дейді ПБ өкілдері. Медициналық сараптама нәтижесінде екі адамнан да тоқ соғып ажал құшу белгісі анықталды.