Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дариға Назарбаеваның монополис компаниясы тексеріліп жатыр 

Дариға Назарбаеваның монополис компаниясы тексеріліп жатыр 
ашық дереккөз
Жолаушылар қомақты ақша төлеуге мәжбүр болған
Назарбаев әулетінің активтері мемлекетке қайтарылып жатыр. Қазір Қаржы мониторинг агенттігі Дариға Назарбаеваның Қазақстан - Қытай шекарасындағы бизнес схемасына тергеу жүргізіп жатыр. Себебі, қытай мен қазақ шекарасындағы «Нұрлы жол» бекетіне қарасты ұзындығы 3 шақырымдық жолды Назарбаеваның «Eurotransit Nur Zholy» компаниясы пайда көзіне айналдырған.  Бұл туралы Dalainside Telegram арнасы жазды.  Қазақ шекарасынан өткесін саудагерлер нейтралды аумақта орналасқан сауда орталығына барып, өздеріне керектіні сатып алады. Содан соң жүк пен жолаушыны жоғарыда айтқан «Eurotransit Nur Zholy-ның» көліктері шекара маңына дейін жеткізеді. Шекараға дейінгі жол ұзақтығы небәрі үш-ақ шақырым. Ал жолаушылар осы үш шақырымды жүріп өту үшін компанияның логистикалық қызметіне жүгініп, қомақты ақша төлеуге мәжбүр болған. Жүк және жолаушы тасымалдау ісімен айналысатын өзге компанияларды бұл жерге маңайлатпаған. Осылайша «Eurotransit Nur Zholy» компаниясы Қорғастағы жеке-дара монополиске айналған. Назарбаеваға тиесілі «Нұрлы жол» бекетін салуға «Еуразия банкінен» 100 млн доллар бөлінген. Қаржы мониторингі агенттігі осыған дейін компания Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, аталған қызметке бағаны заңсыз өсіргенін мәлімдеген еді. Бұл компания монополистік қызметтен 4,2 млрд теңге ақша тапқан. Тергеу барысында «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС кінәні толығымен мойындады. Сондай-ақ құны 5,3 млрд теңгеден асатын ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) мемлекетке беру турлы өтініш жазған. Айта кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаев билігі кезінде қабылданған Елбасы туралы заңның күші жойылды. Тиісті құжатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.      
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар