Павлодарда Нұрлан Мәсімов ісін қайта қарау басталды
Өңірлік полицияның бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары Дамир Сиразидимов және кәсіпкер Евгений Евковичтің ісі сотта қайта қаралады, деп хабарлайды KYN.KZ. Айыптау актілерінің көшірмелері тапсырылды, сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту және жою үшін негіздер жоқ деп хабарланды. Естеріңізге сала кетейік, полиция генерал-майор Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алып, өзгенің мүлкін иемдену не жымқыру, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактілері бойынша айыпталып жатыр.