Басты жаңалықтар

Данияр Елеусінов өзінің спорттық мансап жолын тоқтатуына кімдер ықпал еткенін айтты

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов өзінің спорттық мансап жолына менеджерлердің кедергі болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ. Спортшы әлемге әйгілі бокс промоутері Эдди Хирнмен жұмысты тоқтатып, Зия Әлиевпен істесе бастады. 31 жастағы Елеусінов екі жылда бір ғана жекпе-жек, яғни чемпиондық белдесу өткізді. 2021 жылғы желтоқсан айында IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды, алайда титулынан айрылды. «Менің менеджерлерімнің кінәсі. Олар Эддимен әрі қарай жұмыс істеуден бас тартты. Сосын мені жекпе-жекке шығармай ұстады», - дейді Елеусінов. Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегінде аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны жеңді. Айта кетейік, бұған дейін боксшы әлем чемпионы атағынан айрылған соң, бокс ұнамайтынын айтып, спорттағы мансап жолын аяқтаған.