Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Челахтың ісі бойынша мәлімдеме жасады
Өткен жылдың желтоқсан айында өмір бойына сотталған Владислав Челахтың өтініші Бас прокуратураға түсті. ҰҚК төрағасының орынбасары-Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов 10 жыл бұрынғы істі қайта қарауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ. Алдажұмановтың айтуынша, Челахқа қатысты қылмыстық іс егжей-тегжейлі тергелді. «Түсініктеме беру артық деп ойлаймын. Қылмыстық іс жүріп жатқан жылы олар оны толық зерттеді. Оның қазір қандай түсініктеме бергісі келгенін білмеймін. Тергеу толықтай жүргізіліп, нәтижелер белгілі болды. Қандай мәлімдеме жасалатынын алдағы уақытта қарастырамыз. Себебі мен қазір оның не айтатынын білмеймін», - деді ол. 2022 жылдың желтоқсанында «Арқанкергенде» 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді. Оның өтініші Бас прокуратураға келіп түсті. Айта кетейік, 2012 жылғы 28 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасына бойындағы «Арқанкерген» бекетінде 14 сарбаз мен қорықшы қаза тапты. Қарағандылық мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаз Владислав Челах кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 2013 жылдың наурыз айынан бастап Челах Қостанай облысындағы ерекше режимдегі «Қара бүркіт» колониясында.