Басты жаңалықтар

6 айлық баланы аман алып қалу үшін әкесі үйінді астында өз сілекейімен тамақтандырған

Қолдарында жеуге вазилин ғана болған әйелі мен күйеуі 9 күннен кейін үйіндіден аман шықты

Зілзала болғанына тоғыз күн болғанда үйінді астынан аман шыққан  Мухаррем Полат алты айлық баласын аман алып қалу үшін оны өз сілекейімен  тамақтандырғанын айтты, деп жазды KYN.KZ  тілшісі Anadolu-ға сілтеме жасап. Ер адамды құтқарушылар әйелімен бірге үйінді астынан жер сілкінісінен кейін 202  сағат өткенде құтқарды. Олар өз үйінің қирандысының астында әйелі және алты айлық ұлы, үшеуі  бірге болған. Олар вазелин тауып алып, соны жеуге тырысқан. Бірақ жей алмапты. Әйелдің сүті тартылып, бала аштықтан жылап мазасызданған. Сол сәтте баланың әкесі ұлын сілекейімен тамақтандырған. "Бесінші тәулікте  Мухаммет Алпарсланның (ұлы) шыдамы таусылды. Мен оның жүрегін тыңдап, таңға жуық жан тапсырғанын түсіндім", –  дейді баланың әкесі.