Түркияда құтқарушылар елестің нұсқауымен үйінді астындағы 2 баланы аман алып шықты
Құтқарушылар өздеріне балалардың қайда екенін айтқан адамды таппай қалған
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін, қирандыларды қазу жұмыстарының барысында адам сенгісіз оқиға орын алды деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Түркиядағы зілзаладан кейінгі қирандылардың астынан тұрғындарды құтқарушылардың әңгімесі: Қаhраманмараш қаласының жанында қирандыларды қазу жұмыстарын жүргізіп жатқанбыз. Кран келіп дуалдарды ұрып жатты. Кенет бір әйел келіп, “қозғалмаңдар” деп айқайға басты. Менің екі балам бар, мына қабырғаның астында жатыр" деп тура суреттеп берді. “Құтқарыңдар” деп жалбарынды. Кран сол жерді қазып бастады. Жер сілкінісінен кейін 5-күн еді. Құтқарушылар сол жерден 2 баланы алып шықты. Дін аман. Балаларды шығарған соң, құтқарушылар оларды анасына тапсырмақ болып, анасын іздей бастайды. Балаларды шығардық деп бүкіл халық айқайлап жатты. Әйел жоқ болып кетті. Сол кезде үйінді астынан шыққан 13 жастағы баланың жалғыз айтқан сөзі: “менің анам 4 жыл бұрын қайтыс болған еді”. Мұны естіген ел, тізерлей отыра кетіп “Аллаhу акбар” деп дұға ете бастады” деп әңгімесін аяқтады қираған қала тұрғыны. Осы оқиғадан кейін біз түсіне бермейтін таңғажайып дүниемен, бір құдіретті күштің бары анық екеніне көз жеткіземіз.