Басты жаңалықтар
Жас келіншек: Енем маған бәле жауып , күйеуім мені жансақтау бөлмесінен бір-ақ шығарды
- автор kyn.kz
- 17 ақпан, 2023
- 731
Екі баланың анасы: Енем мені құртам деп жүріп, баласынан тірідей айырылып қалды
«Енемді жек көремін, маған көрсетпегені жоқ» ,деп елордалық Айдана есімді оқырман KYN.KZ ақпараттық агенттігіне хат жолдады.
«Адамның басында әр түрлі жағдайлар болады дегені рас екен. Қысқаша басымнан өткен жағдайды айта кетейін. Енем басынан мені жақтыртпады. Менің жағдайымда келін болып түскеннен 2 жыл бойы қайын әпкем 3 баласы және күйеуімен бізбен бірге тұрды. Енем екеуі маған не болса соны айтып, ісімді жактырмай мені жылатып тыныштық бермейтін еді.
Бірақ анам енең мен күйеуіңді бір-біріне жамандама, ана мен баланың арасын бұзба дейтін. Кеште күйеуім келіп жылағанымды байқаса таксикоздан көп құстым содан ісіп отырмын дейтінмін. Баламыз уақытына жетпей туылды. Ол өз алдына әңгіме. Құрттай баланы қалай күту керектігін айтпайтын да. Қолына да ұстаған емес. Өзіміз әкесімен қарадық. Қазір Аллаға шүкір үлкен жігіт болды. Мен бәрін ішіме түйіп жүре беретін адаммын, ұнамаса да карсы сөйлемеймін.
Сөйтіп жүргенде жолдасым іссапарға кетті 1 айға. Келгенде карсы алып мәз болып жүрдім. Ертеңіне қалаға барып кел деп енем өзі жіберді. Менің ойымда ештеңе жоқ айтқандарын алып үйге келгенде күйеуім өлгенше ұрып тепкілеп больницадан бір-ақ шықтым. Реанимациядан шығып палатада жатканда неге солай істедің деп хабарластым. Енем "сен жоқта ойнасы бардай таңертен кетіп кеш бата бірақ кеп жүрді. Баланы да өзім қарадым" депті.
Мүлде үйден шықпасамда, тіпті ол жоқта төркініме де барған жоқ едім. Мен олай еместігін дәлелдеп шықтым әрине. Осы жағдайдан кейін баламды алып кетіп қалдым. 4 ай бөлек пәтер жалдап тұрдым... күйеуіме анасы уйлен деп қинайды екен.
Інісі мен әпкесі де күн бермепті. Сөйтіп ақырында маған келді. Қазір шүкір біргемін. Қызды болдық. 3 жыл өтті бір ұрысқан жоқпыз, себебі енеммен араласпаймыз, ал атам бізбен тұрады. Анасы өзінің ұлына деген көзсіз махаббатының кесірінен баласын өзінен алшақтатып алды. Соңғы жағдайлар күйеуіме де қатты әсер еткен сияқты, анасынан қатты көңілі қалған.
Анасы туған ұлының шаңырағын ортаға түсіру үшін бұндай құйтырқы әрекеттерге барғанына әлі де сене алмайды. Қыздар естеріңде болсын ене ешқашанда сені туған қызындай көрмейді , бөтен адам бөтендігін жасайды деген сөз рас екен»,- деп хатын аяқтады.