Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы тұрғыны жасанды кірпік жалғатамын деп соқыр бола жаздады

Алматы тұрғыны жасанды кірпік жалғатамын деп соқыр бола жаздады
ашық дереккөз
Көзі қызарып, ашып әбден мазасы қашқан әйел салон қызметкері жауапкершілікке тартылмай жатыр деп ренжіп отыр
"Жасанды кірпік жасатамын деп соқыр болып қала жаздадым". Осылай деген алматылық Кәмшат Дербісәлиева қаладағы сұлулық салондарының біріне шағымданып отыр. Айтуынша, ондағы кірпік жасайтын шебер бір көзіне желім тамызып алған. Соның салдарынан жанары ашып, қызарып шыға келген. Дәрігерлер де келіншектің көзінің шырышты қабығы аллергиялық қабынғанын растайтын анықтама берген екен. Алайда сұлулық салонындағылар өз кінәларын мойындамаған. Мұндай жағдайға тап болған тұрғындар не істеуі керек? Бұл туралы KYN.KZ  тілшісі 31 арна жаңалықтарына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 38 жастағы алматылық Кәмшат Дербісәлиева үнемі жасанды кірпік жасататындардың бірі. Бұл жолы да 8 мың теңге төлеп, өзі үнемі баратын қаладағы сұлулық салондарының бірінде кірпік жалғатыпты. Алайда, алтыншы ақпанда жаңадан келген маман кірпікті жалғап жатқанда, көзіме желім тамызып алды. Соның кесірінен жанарым қызарып, аши бастады дейді. Ақыры көзім солқылдап, шыдатпаған соң дәрігерге көрсеткен. Ал ақ халаттылар аллергиялық коньюктивит деген диагноз қойған екен. Бұлардың құртқан жұмысы, мойындағысы келмейді. Салонды ашқан адам жауапкершілікті жақсы-жаманымен мойнына алу керек деп есептеймін. Менен ешқандай кешірім де сұраған жоқ. Бір ауыз звондап "Тәте кешіріңізші" деп айтса мен де адаммын ғой. Осындай шығындарыңызды өтеп берем деп",– дейді Алматы тұрғыны Кәмшат Дербісәлиева. Ал сұлулық салоны бұл мәселеге байланысты жауап беруден бас тартты. Құқық қорғаушылардың айтуынша, елде қызмет көрсету сапасына қатысты шағымданушылар көп. Бірақ олардың тек 40 пайызы ғана сотқа дейін жетеді екен. Ал қалған 60 пайыз тұтынушы өзіне деген әділетсіздікке көз жұма қарайтындарын айтады. Құқық қорғаушылар тұтынушыларға сапасыз қызмет алған жағдайда дәлелдермен бірден сотқа жүгінуге кеңес береді. "Егерде тұтынушының денсаулығына қандай да бір зиян туындайтын жағдай болатын болса, қызмет ұсыну жағынан, сол денсаулығына және де өзінің психикалық жүйесіне зиян келген кез келген жеке тұлға осы моральдық шығынды өтеуге байланысты, денсаулығына келген зиянды өтеуге байланысты арнайы сотқа талаппен жүгіне алады",– деді құқық қорғаушы Бабыр Шаяхметова. "Кірпік жалғатамын деп опық жедім" деген Кәмшат азаматтық сотқа арыз беріп үлгерген. Көзімді зақымдағандар өтемақы төлесін деп отыр. Дүйсенбі күні алғашқы тыңдалымы өтеді. Ал ел тұрғындары осындай сапасыз көрсетілетін қызметтің салдарынан өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келсе оны «Тұтынушылардың құқығын қорғау» заңы аясында толық көлемде өтету құқығы бар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар