Басты жаңалықтар

69 жастағы Алла Пугачева тағы да ана атанды

Максим Галкин мен Алла Пугачева отбасында үшінші баланың ата-анасы атанды

Ресей эстрадасының танымал жұлдызы Алла Пугачева мен шоумен, әзілкеш Максим Галкин үшінші рет ата-ана атанды деп KYN.KZ хабарлайды. Алла Пугачева баланы өзі босанған жоқ. Суррагат ананың да қызметіне жүгінген жоқ. Олар есірткіге тәуелді бауырының баласын қамқорлығына алды. Баланың әкесі Влад Пугачев әншінің жалғыз інісі. Ол әншінің ағасы Евгенийдің ұлы. Влад көп жылдан бері есірткіге өарсы күресіп келеді, бірақ  нәтиже болмады. Кейін оңалту орталығында болашақ жарын кездестірген. Екі жас кездесіп жүріп балалы болды. Баланың қызығымен біраз уақыт алданғанымен, кейін қайта есірткі шегіп кеткен. Қазір есірткі Владтың ағзасын толығымен меңдеп алған. Тіпті мүгедектікке жеткізген. Алла Борисқызы оның баласын өз қамқорлығына жазып алды. Інісіне баланы уақытша алатынын, егер өзін қолға алып ақылға келмесе, баласынан біржола айырылатынын ескерткен.