Студенттерден қаржылай көмек алған еден жуушы көз жасына ерік берді
Оның он екі жасынан бері үйіне қайтуға ақшасы болмаған
Ұлыбританиялық студенттер Ямайкалық еден жуушыға үйіне барып қайту үшін ақша жинап берді деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Герман Гордон есімді еден жуушы студенттер қолына 1,5 мың фунт ақша ұстатқан кезде жылап жіберді. 230-ға жуық студент Герман мен әйелінің бір аптаға жақындарына барып қайтуға қаражат жинап берді. Гордон студенттерге отбасы мен туған жерін, әсіресе ағасы Джорджды қатты сағынып жүргені туралы айтпаған. Ол Ұлыбританияға он екі жасында келген, содан бері елден сыртқа шықпаған. "Мен олардың не үшін бұлай істегенін түсінбеймін. Бірақ өте қуаныштымын", - деп айтты. Ол мектепті он бес жасында тастап кеткен болса да студенттерге оқу жағынан көмектесге тырысады. Көбінесе олармен өмір жайлы әңгімелеседі. Еден жууы енді алдағы демалыста туған-туыстарына барып қайтуды жоспарлап отыр.