5 жасында ана атанған қыздың құпиясы дәрігерлердің өзін қайран қалдырды
Медина Линна өмірге сап сау бала әкеліп, ұлы он жасына дейін өз анасын әпкесі екен деп келген
1939 жылы 14 мамырда Медина Линна 5 жасында ана болды. Қыз салмағы 2700 гр дені сау баланы дүниеге әкелді. Керемет оқиға ресми түрде құжатталған және Линна Медина медицина тарихындағы ең жас ана атанды. Линна Медина 1933 жылы Перу ауылында дүниеге келген. Қыз 5 жаста болғанда, іштің өсіп келе жатқан ісігіне алаңдаған ата-анасы оны дәрігерге апарды. Ата-аналар да, дәрігерлер де сараптамалар нәтижелеріне сене алмады. Себебі онда Линна жүктілігінің жетінші айында болған. 1939 жылы 14 Мамырда Линна Медина ұлды болды. Босанудың табиғи әдісі босанған әйелдің жамбасының кішкентай болуына байланысты мүмкін болмағандықтан, кесар тілігі қолданылды. Балаға емдеуші дәрігер-Герардоның есімі берілді. "La Presse Medicale" медициналық журналындағы мақалаға сүйенсек. Мединаның жыныстық жетілуі өте ерте жаста болғаны белгілі болды. Ал оның етеккірі 8 айда басталды, 4 жасында сүт бездері дамып, 5 жасында жамбасы кеңейе бастағаны белгілі болды. Линна ұлын 10 жасқа дейін бауыры ретінде тәрбиеледі. Уақыт өткен соң бар шындықтың беті ашылды. Герардо 40 жасқа дейін өмір сүріп, 1979 жылы сүйек кемігі ауруынан қайтыс болды. Лина Медина 1972 жылы 39 жасында тұрмысқа шығып, екінші рет ана атанды. Көпшілікті мазалаған сұрақтың бірі баланың әкесі кім? Бұл жағдайдан кейін әкесі қызын зорлады деген айыппен қамауға да алынды, алайда оның күнәсі дәлелденбегендіктен босатылды. Әр түрлі салт-дәстүрдің құрбаны болды дегенде болжамдар да бар. Бірақ Линна бұл құпияны ашпай, өзімен бірге о дүниеге алып кетті. 2015 жылы 82 жасында Линна Медина қайтыс болды