Павлодарда балалар пештен уланды
Павлодарда үйдегі пештің ақауы салдарынан төрт бала зардап шекті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Аталған жағдай барысында 15, 12, 5 және 2 жастағы балалар көміртегі тотығымен уланған. «Барлық балалар, оның ішінде 32 жастағы ана да ауырлығы орташа көміртегі тотығының улы әсері диагнозымен облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесіне жатқызылды», - делінген Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.