Басты жаңалықтар
Туристер жануарды спиртті ішімдікке тойғызып, қылығын қызықтаған
- автор kyn.kz
- 29 маусым, 2018
- 348
Ішімдік ішіп алған жануардың жағдайы не болғаны белгісіз
Туристер кішкентай квокканы қауіпті ішімдікке тойғызған. Аз уақыттың ішінде желіде тарап кеткен видеоға Daily Mail тілшілері мән берген деп хабарлайды KYN.KZ Видео Австралияның жабайы табиғатында түсірілген. Онда квоккалар көптеп мекендейді. Ер адам жануарға ішімдік берген, камера сыртынан оны түсіріп тұрған әйелдің күлкісі естіліп тұрды.
Желіде тарап кеткен видеоны оқырмандар қатты сынап тастады. Полиция жануарларға жәбір көрсетушілерді видео бақылау арқылы тауып алып, 200 мың АҚШ доллар айыппұл төлетіп, аралға кіруге тыйым салды.
Осы оқиғадан кейін Австралияның жануарларды қорғау ұйымы тұрғындарға ескерту жасады.
Келесі мақала