Басты жаңалықтар

ҚТЖ басшылығы үстінен қылмыстық іс қозғалды

ҚТЖ басшылығының кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. «ҚТЖ «ҰК» АҚ басшылығы үстінен қылмыстық іс қозғалды. Астана қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Бас көлік прокуратурасы аталған мекеме басшылығы тарапынан бизнеске кедергі жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала келтірілген залал 1,5 млрд теңгеден асады. «Тергеу процестік прокурорлар тобының басшылығымен жүргізіледі. Тергеу мүддесі үшін ақпараттар жарияланбайды», - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.