Басты жаңалықтар

Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша апелляциялық шағым сотта қаралып жатыр

Ақпаратты Атырау облыстық соты баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменова ісінің апелляциялық сотта қаралып жатқаны туралы ақпаратты растады, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. «Атырау қаласы, 2023 жылдың 20 ақпаны. Облыстық сотта әділдік үшін күресті жалғастырамыз! Апелляциялық сатыда қалалық соттың сауатсыз үкімі бойынша апам Бақытгүлдің жолдаған шағымы қаралғалы жатыр», - делінген жазбада. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 15 қарашасы күні Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шығып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде 3 жылдан кейін өтейді.