Басты жаңалықтар

Ақтауда есірткі сатумен айналысқан РФ азаматы құрықталды

Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына 14 ақпан күні жедел ақпарат келіп түскен. Ақпарат негізінде басқарма қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласы 5 ықшамаудан аумағында есірткі затын сатумен айналысады деген күдікпен 20 жастағы РФ-ның азаматын ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ. Тексеру жүргізу барысында күдіктінің қалтасынан 2 дана изолентаға оралған синтетикалық есірткі тәріздес ұнтақ, тәсбих, діни кітап, жалдамалы пәтерінен арабша жазылған діни парақша мен араб тіліндегі әдеби кітап табылды. Аталған іс СДТБТ-де ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Бүгінде қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.