Басты жаңалықтар

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттар ісі бойынша 7 адам қамауға алынды

Газиантеп провинциясының Ислаһие ауданындағы жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттарға қатысты іс бойынша 7 адам ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Anadolu agency-ге сілтеме жасап. Газиантеп прокуратурасы тарапынан Қаһраманмараштағы зілзала кезінде құлаған ғимараттар ісін тергеу жұмыстары жалғастырылып, 7 адам қамауға алынды. Қаһраманмараштағы екі жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 40,6 мыңнан асты. Үйінді астында қалған адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ел Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияда болған апат құрбандары үшін жеті күндік Жалпыұлттық аза тұту туралы мәлімдеді.