Басты жаңалықтар
Астанада борышкердің 15 млн теңгесін жымқырған бұрынғы сот орындаушысы 2 жылға сотталды
- автор kyn.kz
- 20 ақпан, 2023
- 314
2019 жылы сот орындаушысы өзге азамат алдындағы берешегін өтеу үшін борышкерден 15 млн теңге алған. Ол шоттан ақша алып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Бұл туралы KYN.KZ хабарлайды.
Сот бұрынғы сот орындаушысын қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Оған тағайындалған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы 2 жылға қысқартылып, рақымшылық жасалды.
Сондай-ақ сотталушы 15 млн теңгені иесіне қайтарып, жәбірленуші тарапқа моральдық зиянды өтеу үшін 500 мың теңге беруге тиіс.