Әлемдегі ең толық бала салмақ тастады
Үндістандық бала 65 кг салмақ тастап, көп жылдан бері алғаш рет көшеге шықты
Үндістан тұрғыны көп уақыттан бері көшеге шыға алмауына себеп болған артық салмағынан құтылды деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Әлемдегі ең семіз бала атанған 14 жастағы жасөспірім 237 кг болған. Осы жылдың сәуір айында ол іш құрылысына операция жасатты, қазір 172 кг болды. Майлы тағам мен газды суға деген махаббаты баланы сегіз жасында 80 кг-ға жеткізген. Дәрігерлер баланың жасына орай операцияны кейінге қалдырып, арнайы дәрілер жазып берген. Жасөспірім дәрілерді қабылдаған соң қозғалысы қиындай түскен. Ол жылдар бойы төсектен қимылдай алмған, ақыры 2017 жылдың желтоқсан айында ауруханаға түскен. Ол операцияға дейін өздігінен 197кг-ға дейін салмақ тастаған.