Басты жаңалықтар

Нұржан Байжігітұлы: «Аузын айырмай, шапалақпен бір-ақ ұрсаң болды» (видео)

Қазақстандық имамдардың әлеуметтік желідегі танымалдылығы бойынша көш басында келе жатқан Нұржан Байжігітұлы бұл жолы да өзінің қалжыңаралас кеңесімен «желіні жарды», деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Ол өзінің Тик-ток желісіндегі парақшасындағы тікелей эфир сәтінде бір оқырманының «Шыбын, құмырсқаны өлтіруге бола ма» деген сұрағына қалжыңмен жауап беріп, жұртты күлкіге қарық қылды. «Үйдегінің бәрін өлтіре берсең болады. Далада қуып жүріп өлтірме. Өлтіргенде де, шапалақпен бір-ақ ұрсаң болды. Мыжып, аузын айырып, қанатын жұлып, аяқтарын жұлып, содан кейін аузын басына, басын аузына айналдырып, кигізу харам болады. Бірден өлтірген дұрыс шығар, өлтіру керек болса. Өзімен өзі далада ұшып кетіп бара жатқан, айдаладағы Астанаға ұшып кетіп бара жатқан, самолет сияқты кетіп бара жатқан рейсінен қалдырып шыбынды өлтіруге болмайды», - дейді имам Нұржан Байжігітұлы. https://youtube.com/shorts/BxXx2StTyEk?feature=share