Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Титаник және тағы екі кеме апатынан аман қалған Виолетт Джессоп

Титаник  және тағы екі кеме апатынан аман қалған Виолетт Джессоп
ашық дереккөз
Виолетт Джессопты тарихтағы ең жолы болғыш әйел деп санауға болады. Қалай болғанда да, оның өмірі қызықты оқиғаларға толы, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Джессоп Мұхит лайнерлерінде стюардесса болып жұмыс істеді. Ол өзінің мансабын 1908 жылы жиырма бір жасында "White Star Line"жүк тасымалдау компаниясынан бастады. 1910 жылы ең алғаш  "Олимпик" круиздік кемесімен жүзіп, келесі жылы кеме бұғазда, Британдық" Хоук " әскери кемесімен соқтығысты. Бұның нәтижесінде ешкім қатты зардап шекпеді. "Олимпик" кемесі жөнделіп жатқанда, Джессоп Титаникке жұмысқа кіреді. Кеме айсбергпен соқтығысып бата бастаған кезде. Бойжеткен бортта болған.  Бұл жолы да қайықтан бос орын табылып жаны аман қалады. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде Джессоп Қызыл кресттен Британдық бортында жұмыс істеуге жіберілді. Кеме аурухана кемесіне айналды; ол жараланған сарбаздарды Ұлыбританияға апара жатқан жолында. Абайсызда неміс минасына тап болып, Эгей теңізіне батып кете жаздайды. Джессоп пен басқа жолаушылар құтқару қайықтарына сүңгіп бара жатқанда, олар кеменің винт қалақтарына сорылып кетудің азар алдында қалған еді. Виолет Джессоп басынан өткен оқиғаларынан кейін "Суға батпайтын ару" деген лақап атқа ие болды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар