Басты жаңалықтар
45 жыл отасқан әйеліне тосын сый жасаған ер адам елдің ықыласына бөленді (видео)
- автор kyn.kz
- 21 ақпан, 2023
- 261
Әлеуметтік желіде тараған ер адамның бейнежазбасы елдің назарын аудырды. Онда ер адам әйелінің туған күнінде тосын сый жасап қуантты, деп жазады KYN.KZ.
Бейнедазбада егде жастағы ер адамның 45 жыл отасқан жұбайына сыйлық беріп, қуанышқа бөлеп жатқаны бейнеленген. Онда ол әуелі кішкентай бір белгісіз зат ұсынады. Сыйлықты орнынан тұрып қабыл алған әйелі мұндай дүниені күтпеген сыңай танытты. Артынша әйеліне алған әдемі сөмкесін беріп, қасында тұрған бала-шағасын күлкіге қарық қылады.
Мүны көрген әлеуметтік желідегілер сүйсініп, жағымды пікірлерін қалдырды.
«Бұрынғы адамдардың қааандай тарбиесі, керемеет болғаан, апам сыйлық алып тұрыып ұялыыыып тұр ғоой», «Баршамызға жұбымызбен осылай әдемі қартаюды нәсіп етсін», «Қандай күшті», «Осы кісілердің жолын берсін», «Жаныммм, осындай кісілерден үлгі алған отбасылар жаман болмайды деп ойлаймын», «Я Раббым, жан-жарымызбен осылай ойнап-күліп, әдемі қартаюды нәсіп етші», - дейді желідегі көрермен.
https://youtube.com/shorts/pPXs1ryyqRc?feature=share