22-24 ақпан аралығында еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны болу ықтималдығы айтылды
Қазгидромет жақын арада еліміздің су тасқыны болу ықтималдығы бар өңірлерін атап, сақ болуды ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ. «22-24 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қызылорда облыстары, Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жаңбыр және жылбысқы қар суы молаяды. Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және мұздық құбылыстардың әлсіреуі салдарынан өзендерде су деңгейлері көтерілуі мүмкін», - деп жазылған хабарламада.